Қоғам

Мәсімовтің өмірден алған сабақтары: Алматы мектебіне ерекше кітап сыйға берілді

Басылымның авторы - танымал қоғам қайраткері Қажымхан Мәсімов - ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесі. "Аманат" кітабы естелік жанрында жазылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек - Sputnik. Алматы әкімдігі Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мектеп-гимназияға Қажымхан Мәсімовтің 100 дана "Аманат" кітабын сыйға тартты.

Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесінің шығармасы естелік жанрында жазылған. Автор өз кітабына "Ата көрген оқ жонар" деген халық даналығын арқау еткен. Кітабында ол өзі және отбасы жайлы, өзі өмір сүрген кезеңнің оқиғалары туралы баяндайды, замандастары, өмірден алған сабақтары туралы әңгімелейді, делінген шығарманың ресми сайтында.

Мәсімовтің өмірден алған сабақтары: Алматы мектебіне ерекше кітап сыйға берілді

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров атап өткендей, Қажымхан Қасымұлы Мәсімов №12 мектептің құрылтайшысы және алғашқы қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған еді. Ол кісінің басшылығымен тұрмысы төмен отбасылар мен дарынды ұстаздарға қолдау көрсету ұйымдастырылған болатын, деп жазады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Кәрім Мәсімовтің әкесі өмірден озды

Гимназия түлектері арасында танымал дарынды тұлғалар көп: атақты әнші Күләш Байсейітова, тұңғыш қазақ кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев, биші Шара Жиенқұлова, қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиев, қоғам және мемлекет қайраткері Асқар Құлыбаев, ақын-жазушылар Смағұл Елубаев пен Уәлихан Қалижан.

Сондай-ақ мектеп ұжымына 24 миллион теңгеге сертификат тарту етілді. Бұл грантты білім ордасы "Алматыдағы үздік орта білім беру ұйымы" номинациясын иеленгені үшін жеңіп алған еді.

Мәсімовтің өмірден алған сабақтары: Алматы мектебіне ерекше кітап сыйға берілді