Әлем

Стадиондағы матчтың соңы қанды қырғынмен аяқталды – қорқынышты видео

Атыс салдарынан ең кемі он адам жараланған, бесеуі ауыр хәлде жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың Аламаба штатындағы Мобил қаласында футбол стадионында атыс болды. Салдарынан кем дегенде он жасөспірім жараланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Белгілі болғандай, америкалық футбол матчынан кейін орта мектептің командалары бір-біріне оқ жаудырған.

Полицияның ақпаратынша, 15 пен 18 жас аралығындағы он жасөспірім жараланды. Олар бірден ауруханаға жеткізілген. Бесеуінің жағдайы ауыр.

Тәртіп сақшылары оқиға орнында болған адамдардан жауап алды. Атысқа қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталған.