Экономика

Қазақстандықтар неге ресейлік өнімдерді таңдайды?

Тұтынушылар, негізінен, ресейлік тәтті өнімдерді сүйіп жейді. Сондай-ақ, шырын, шұжық өнімдері мен жарманы таңдайды. Қазақстандықтар сатып алған кезде өнімнің қандай белгілеріне назар аударатынын Sputnik материалынан оқыңыз
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі статистика жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктесі және басты импортаушы. Қазақстан нарығында ауыр өнеркәсіптен бастап азық-түлік саласына дейін ресейлік өнімдер ұсынылған. 

Sputnik Қазақстан қазақстандықтар қандай ресейлік азық-түлікті тұтынатынын анықтады.

Қазақстандықтар қандай ресейлік өнімдерді жиі алады?

РИА Рейтинг агенттігі арнайы зерттеу жүргізген .Нәтижесінде қазақстандықтард табысының 40%-і азық-түлікке жұмсалатыны анықталды. Ал тұтынылатын тауардың 15 проценті – ресейлік өнім.

Ресей шұжық, теңіз өнімдері, балық, шырын, құс еті, сүт, ірімшік, күріш, макарон, алкогольдік өнім, қант, шоколад, балмұздақ, кондитерлік өнімдер импорты бойынша алда.

Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілдігінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде Қазақстанға 26,5 мың тонна сүт, ірімшік пен сү төнімдері импортталған. Жалпы сомасы – 44,7 миллион доллар.

Тағы оқыңыз: Үкімет азық-түлік бағасын қазақстандықтардың көмегімен бақылауы мүмкін

Сондай-ақ, қазақстандықтар 6 ай ішінде 23,2 миллион доллар болатын 12,4 мың тонна ресейлік шұжық өнімін тұтынған.

Елге 15,5 мың тонна крупа импортталған. Жалпы сомасы – 7,9 миллиондоллар. 3 мың тонна сұлы, 11,6 мың тонна күріш.

Қазақстандықтар Ресейдің кондитерлік өнімдерін де сүйіп жейді. Жарты жыл ішінде Ресей Қазақстанға 44,5 мың тонна шоколад, желе, вафли пен кәмпит экспорттады. Тәттіні сүйіп жейтіндер ресейлік өнімдерге 77,4 миллион доллар жұмсаған.

Қазақстандықтар өнімді сапасына қарап таңдайды

Қазақстан отандық тауар өндірушілерді қолдап жатыр. Өнімдер KZ белгісімен шығарылады. Олар "Қазақстанда жасалған" деген арнайы бөлек сөрелерде саудаланады. Ал импорттық тауарлар өзге сөрелерге қойылады.

Қазақстандықтар тауарды сатып алғанда өнімнің қаптамасына назар аударады. Танымал брендтерді іздейді. Бағаларын салыстырып, шығарылған күні мен жарамдылық мерзіміне қарайды. Осыдан кейін  құрамы мен өнімді шығарған ел туралы ақпаратты оқиды. Ресейлік тауарлар Made in Russia белгісімен шығарылады. Бұл белгі Ресейдің экспорттық орталығында сертификат алған өнімдерге ғана беріледі.
Демек, қазақстандықтар тауардың Ресейде өндірілгенін біледі. Тауардың сапасына қарап таңдайды.

Ресейлік тауарлардың артықшылығы

Қаптама, баға және сапа – ресейлік тауарлардың басты артықшылығы. Көрші елдің тауар өндірушілері Қазақстанға қазақ және орыс тілінде ақпарат жазылған өнімдерді ғана импорттайды. Бағасы бәсекеге қабілетті, кейде қазақстандық өнімдерден де төмен болады. Үшінші артықшылығы – сапа. Нарыққа негізінен беделді, тәжірибелі ірі тауар өндірушілер ғана шығады. Олардың тауары екі елдің де талабына сай.

Жаңа өнімдер серіктес іздейді

Қазақстандықтардың тоңазытқышы ресейлік өнімдерге толы. Алайда жыл өткен сайын Қазақстан нарығында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдердің тауарлары да көбейіп келеді. Бәсекелестік артқан сайын ресейлік тауар өндірушілер нарыққа жаңа өнімдерді шығаруды мақсат етіп отыр. Олардың сапасы мен бағасын өзге елдердікінен әлдеқайда тиімді етпек.

Ресейлік тауарлар шоурумы ашылды

Шілде айында Қазақстан астанасында ресейлік тауарлардың шоурумы ашылды. Бастаманы Ресейдің экспорт орталығының Қазақстан мен Өзбекстандағы сауда-экспорт кеңесшісі "B2B KZ" компаниясы жүзеге асырды. Қазақстандағы Ресейдің сауда өкілдігі қолдау көрсеткен.

Шоурумда бизнес кездесулер мен келіссөздер жүргізуге болады. Қызығушылық танытатындарға көрмеге келіп, бәрін өз көзімен көріп, келісімшарт жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Азық-түлік қымбаттап жатыр – министр себебін түсіндірді

Экспозицияға тамақ өнеркәсібінің өнімдері қойылған. Сондай-ақ, химия, жеңіл өнеркәсіп, медицина, электр құрылғылары,кеңсе тауарлары, электронды оқыту сынды салалардың тауарлары бар. Көрмеге Ресейдің жеті өңіріндегі тауар өндірушілердің өнімі әкелінді. Олардың бәрі экспортқа бағытталған қомпаниялар. Өндіріс қуаттылығы өнімді өзге елдерге де экспорттауға мүмкіндік береді. "Made in Russia" белгісі бар. Яғни ресми түрде ресейлік өнім деп танылып, сапасы сертификатталған.

Материал коммерциялық негізде жазылған.