Оқиға

Алматыда үш адамды көлікпен әдейі қақты: зардап шеккен жігіт мән-жайды айтып берді

Адамдарды көлікпен қасақана басқандардың бірі ұсталды. Екіншісі іздестіріліп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Алматыда үш адамды әдейі қағып кеткен болатын. Зардап шеккендердің бірі оқиғаның мән-жайын баяндады. Ол өздерін басқа біреулермен шатастырып алғанын айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Алматыда үш адамды көлікпен әдейі қақты: зардап шеккен жігіт мән-жайды айтып берді

Оқиға салдарынан Сергей Ханның аяқ-қолы сынған. Қазір ауруханада жатыр. Ол оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Сергейдің айтуынша, мас ер адам алдымен онымен сөзге келген, кейін жұдырық ала жүгіріпті. Бұдан соң жігіттерді әдейі көлікпен басып өтпек болған.

"Көрші ғимаратта жігіттердің бір-бірімен айғайлап, жанжалдасқанын көрдім. Бірақ мән бермедік. Көп ұзамай, он шақты жігіт бізге келіп балағаттай бастады. Еш нәрсені түсінбедік. Біз төртеу болдық. Басқа біреумен шатастырып алған шығар деп ойладық. Кейін ініме жұдырық сілтеді. Осыдан төбелес басталып кетті. Содан кейін көліктеріне отырып, сес көрсеткілері келді", - дейді Сергей Хан.

Алматыда үш адамды көлікпен әдейі қақты: зардап шеккен жігіт мән-жайды айтып берді

Сергей олардың қолында қару болғанын көрген. Алайда жігіт жүргізушілердің түрін анық көре алмапты.

Күдіктінің анасы Сергей мен оның достарының өздері кінәлап, видео жариялаған болатын. Әйел баласы түнде туысының туған күніне барғанын айтқан. Ал мекемеден шыққан кезде оған 13 адам жабыла кетіпті.

Тағы оқыңыз: Министр Алматыдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Көлік жүргізушісі әлі іздестіріліп жатыр. Әдейі адам қаққан екі жігіт 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматыда үш адамды әдейі қақты

Төтенше жағдай 26 тамыз күні Алматыдағы Гагарин көшесінде болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Ер адамдар өзара жанжалдасқан. Кейін екі жігіт көлікпен үш адамды әдейі қақты.