АЛМАТЫ, 28 тамыз — Sputnik. Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы – Нұрсұлтан Күдебаев қайтыс болды. Ақпаратты полицияның қалалық департаментінде ресми түрде растады. Оқиғаның мән-жайы айтылған жоқ.
Нұрсұлтан Күдебаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат 28 тамыз күні таңертең шықты.
"Иә, өкінішке қарай, бұл ақпаратты растаймыз. Басқа еш нәрсе айта алмаймыз", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Нұрсұлтан Күдебаев 1990 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде оқыды. Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
Артында үш баласы қалды.