НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әл-Фараби мен Абайдың мерейтойлары кең ауқымда аталып өтеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін. Үкімет Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын мемлекеттік комиссияның қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін", - деп жазылған қаулыда.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту жоспары да 1 қазанға дейін мемлекеттік комиссия қарауына ұсынылады.
"Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды мемлекеттік комиссия 2019 жылдың 1 қарашасына дейін бекітсін", - деп жазылған құжатта.