Әлем

Ең бай әрі сұлу актрисалардың есімдері жарияланды – фото

Тізімге енген актрисалардың бір жылда тапқан табысы есептелген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik.  Forbes журналы ең көп табыс табатын актрисалардың рейтингін ұсынды.

Биыл бұл тізімді 56 миллион доллар тапқан америкалық актриса Скарлетт Йоханссон бастап тұр. 2018 жылдың 1 маусымы мен 2019 жыдың 1 маусымы аралығындағы кезең қарастырылған.

Ең бай әрі сұлу актрисалардың есімдері жарияланды – фото

Басылымның хабарлайынша, табысының басым бөлігі "Черная вдова"  және "Мстители: финал" картиналары үшін төленген ақы.

Екінші орында америкалық сериал жұлдызы София Вергара. Ол 44,1 миллион доллар табыс тапқан.

Ең бай әрі сұлу актрисалардың есімдері жарияланды – фото

Тізімге енген үшінші актриса Риз Уизерспун, ол 35 миллион доллар табыс тапқан. 

Ең бай әрі сұлу актрисалардың есімдері жарияланды – фото

Кейін Николь Кидман (34 миллион) мен Дженнифер Энистонның (28 миллион) есімдері аталады.

Табыс 69 процентке артқанмен, өткен жылмен салыстырғанда актрисалардың ақшасы азырақ екені айтылады. Актрисалардың табысын қосқанда 314 миллион доллар болады. Ал былтыр ең көп ақша тапқан актерлердің жалпы қаражаты - 588 миллион долларға жеткен.