Әлем

Көлік ішінде отырған адам тірідей жанып кете жаздады – жантүршігерлік видео

Бұл оқиға Қытайда болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Ер адам шағын автобустың ішінде отырған кезде көлік күтпеген жерден өртене бастайды.  Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға 20 тамызда Қытайдың Чунцине қаласында жанармай құю бекеттерінің бірінде болған. Видеодан шағын автобустың астынан өрт шығып, көліктің жана бастағанын көруге болады. Жанұшыра айқайлаған жүргізуші терезеден шығып, аман қалады.

Өртті көрген жанармай құю бекетінің бірнеше қызметкері жалынды сөндіруге ұмтылады.

Зардап шеккен адамның жағдайы туралы хабарланбайды.