НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз — Sputnik. Ресейдің Мемлекеттік туы күніне орай өткен "Флаг-рекордсмен" флешмобы РФ-ның муниципалитеттерінің тулары бейнеленген ең ірі мата ретінде Ресейдің рекордтар кітабына енді.
Айрықша шара сенбі, 24 тамыз күні Академик Сахаров даңғылында өткен, деп жазады РИА Новости.
Ресей Федерациясының муниципалитеттерінің тулары бейнеленген матарлардың жалпы ауданы 2 541 шаршы метр болып, ресми тіркелді.
"Біз бұл шараны Мәскеу облысымен 2018 жылдың 22 тамызында бастады. Бір жыл ішінде өңірлердегі жігіттер өздері ұстаған туды беріп отырды. Бұл маталар – муниципалды құрылымдар, қалалар, ЖОО-лардың символы. Бізді біріктіретін, нақты жұмыс орны, елді мекенді білдіретін символдар, біз оларды бір матаға біріктірдік, ауданы 2 000 шаршы метрден асты", - деді "Единая Россия" партиясының "Молодая гвардия" қанатының төрағасы Денис Давыдов.
Оның айтуынша, бұл – азаматтардың бірлігінің белгісі.