Өңірлер

Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Ертең мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23  тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

"Сапар барысында мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысанмен танысады. Қарағандыда президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді", - деп жазды Берік Уәли.

Бағдарлама бойынша түстен кейін Тоқаев Жезқазған қаласына барады. Онда президент мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады.

Ал 24 тамызда мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ "Жезкиік" халықаралық музыка фестивалінде болады.