Саясат

Тоқаев Байшолақовты президент әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындады

Тиісті өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Алмат Байшолақов президент әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Алмат Мұратұлы Байшолақов ҚР президент әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", - деп жазылған Тоқаевтың өкімінде.

Алмат Байшолақов түрлі жылдары әділет министрлігі мен прокуратура органдарында қызмет еткен.

Айта кетсек, кеше, 21 тамыз күні президент өкімімен  президент әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі қызметіне Әлтайыр Ахметов тағайындалған болатын.

Ахметовтың орнына Ерлан Әбіл Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.