Видеоның алғашқы кадрларында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері – Үшқоңыр ауылы (бұрынғы Шамалған) туралы әнді айтып келе жатқанын көруге болады. Осы әннің сөзін Назарбаевтың өзі жазды.
Жақында видео Елбасының Instagram парақшасында жарияланған болатын. Желі қолданушылары тұңғыш президенттің өнеріне тәнті болып, оның музыкалық қабілетіне оң баға беріп жатыр.
Тағы оқыңыз: Назарбаев елді дүрліктіріп жүрген мәселеге нүкте қойды
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов болса, лирикалық әннен бөлек, рэп та орындай алады. Ал Ресей басшысы Владимир Путин пианинода ойнап, ағылшын тілінде ән айтқан.
Sputnik видеосынан ән жазып, би билейтін мемлекет басшыларының өнерін көре аласыздар.