Әлем

Әлемдегі ең сұлу бойжеткен қалай демалатынын көрсетті – фото

18 жастағы қыз демалыстағы суретімен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Француз актрисасы әрі модель Тилан Блондо әлеуметтік желідегі парақшасында Кариб теңізіндегі демалыс кезінде түскен суретін жариялады.

Тилан Блондо 6 жасында подиумға шыққан. Ол кезде TC Candler сайты "әлемдегі ең сұлу қыз" деп атады.

Қазір 18 жастағы модель әрі актриса ірі косметикалық компанияның жүзі, әлемдегі беделді жұлдыздармен бір сән көрсетіліміне қатысады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен бұрын ұялшақ болатынмын. Анам мен айналамдағы адамдардың арқасында өзгердім", - дейді модель.