НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз - Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Өңір басшысы президентке астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы Архимед Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.