НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. "Қазгидромет" метеоқызметі алдағы үш тәулікке ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазақстанға Батыс Сібір өңірінен суық атмосфералық фронтты циклон ығысады. Оның әсерінен елдің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында кей жерлерде жаңбыр болып, жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бұршақ жауып, ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз, бірақ оңтүстікте ыстық орташа көпжылдық мәнге дейін түседі деп күтіліп отыр.
Ірі қалалардағы ауа райы
20 тамызда Нұр-Сұлтанда түнде ауа температурасы +16 градус жылы болса, күндіз 25 градус ыстық болмақ. Алматыда түнде +16 градус болса, күндіз 26 градус ыстық. Шымкентте түнде +20 градус, күндіз 32 градус ыстық болады.
21 тамызда елордада ауа температурасы түнде +16 градус нөлден жоғары болса, күндіз +18. Күн бұлтты, жауын-шашын күтіліп отыр. Алматыда түнде +16 градус, күндіз 28 градус ыстық. Күн ашық болады. Шымкентте түнде +20 градус, күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріледі. Күн ашық.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болады?
22 тамызда астанада түнде + 12 градус, күндіз 21 градус нөлден жоғары болады. Жаңбыр жауады. Алматыда түнде плюс 19 градус, күндіз 27 градус ыстық. Күн ала бұлтты. Шымкентте түнде +22 градус, күндіз 33 градус ыстық.