НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
Көлгінов тұңғыш президентке елорданың экономикалық дамуының қазіргі көрсеткіштері туралы баяндады.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан әкімі Назарбаевқа халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Тағы оқыңыз: "Ақша мен үйді тартып алуы мүмкін": желіде Назарбаевтың сөзі тарады
Елбасы астананың экономикасына инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударды.