Әлемдегі ең қауіпті қала - Сан-Педро-Сула (Гондурас), деп мәлімдеді Numbeo порталының сарапшылары.
Зерттеулерге сүйенсек, ең қауіпті қалаларға Каракас (Венесуэла), Питермарицбург (Оңтүстік Африка Республикасы), Порт-Морсби (Папуа — Жаңа Гвинея), Оңтүстік Африка Республикасының үш қаласы — Претория, Йоханнесбург, Дурбан, сондай-ақ үш бразилиялық шаһар — Форталеза, Сальвадор және Рио-де-Жанейро жатады.
Тағы оқыңыз: Зәре-құтың қалмайды: әлемдегі ең қауіпті 10 соқпақ - фото
Осы жерлерге сапар шеккен туристердің аса сақ болғаны жөн, өйткені еліне аман-есен оралмауы да мүмкін.
Айтпақшы, ең қауіпсіз қалаларға БАӘ астанасы Абу-Даби, Доха (Катар), Квебек (Канада), Тайбей (Қытай), Мюнхен, Дубай, Цюрих, Берн, Гонконг және Эскишехир (Түркия) жатады.
Sputnik Қазақстан фотолентасынан әлемдегі қылмыс деңгейі ең жоғары қалаларды тамашалай аласыз.