НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз — Sputnik. Францияда мейрамханаға келуші тапсырысын ұзақ күткеніне көңілі толмай, даяшыны атып өлтірді, деп хабарлайды France Info.
БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай 16 тамыз күні Париж жанындағы Нуази-ле-Гран коммунасында болған. Куәгерлер сэндвичінің дер кезінде дайын болмағанына ашуланған ер адам даяшыны атып өлтіргенін айтады.
Тағы оқыңыз: 25 жыл жатқан: мейрамхананың астынан адамның мәйіті табылды
Оқ 28 жастағы даяшының иығына тиген. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қылмыскер ізін суытқан. Полиция іздестіріп жатыр.