Саясат

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Отырысқа үкімет мүшелері, партияның мәжілістегі фракциясы, сондай-ақ облыс әкімдері қатысады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы 21 тамызда өтеді.

"Nur Otan партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамызда саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Отырысқа үкімет, партияның мәжілістегі фракциясы, сондай-ақ өңірлердің басшылары қатысады", - деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Айта кетсек, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтті.

Тағы оқыңыз: Nur Otan партиясында бірқатар ауыс-түйіс жасалды

Отырыс барысында Назарбаев партияны конституциялық мерзімде өтетін мәжіліс сайлауына дайындықты белсенді жүргізуге шақырды.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының мандаттарын Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға беру туралы шешім қабылданды.