"Біз бизнестің мүддесін ескере отырып жұмыс істейміз. Бұл байырғы әмір беру әдісі емес, біз мүше елдердің мүддесін ескеріп, кедергісіз орта құрамыз, бұл біздің келісімшартқа негіз болған төрт бостандыққа алып келеді – тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін айналымы. Соның арқасында ортақ нарықта ішкі сұранысты қанағаттандыруға, импортты алмастыруға, сондай-ақ келешек жоспарымыз - үшінші әлем елдері нарығына шығуға арналған жоғары деңгейлі бәсекеге қабілетті өнім пайда болады", - деп пікір білдірді Арутюнян Sputnik-ке.
Толығырақ аудиодан тыңдаңыз.
Тағы оқыңыз: Асқар Мамин ЕАЭО-дағы әріптестерімен киіз үйде бас қосты - фотодерек
Бұған дейін ЕЭК сауда саясаты департаментінің директорының орынбасары Нұргүл Хайдарова Армения премьер-министрі Никола Пашиняннің ЕАЭО мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.