Ерекше сәулет-ботаникалық композицияның авторы алматылық дизайнер Нелли Лаптева мен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко болды.
"Қазақ бағы" жобасының басты идеясы – табиғатты қалаға қайтару. Бұл біздің өмір сүруіміз үшін қажет", - дейді Татьяна Антоненко.
"Қазақ" жасыл бұрышы өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді және ұлттық табиғи реңкті дәл береді. Композицияның ортасында киіз үй түрінде өрнектелген дөңгелек ағаш арба орналасқан.
Авторлар қазақ бағының басты символы – алма ағашын әкелмегенімен, мұнда келушілер жергілікті алма мен шоколадтан дәм тата алады.
Әзірлеушілердің айтуынша, жоба ресейлік-қазақстандық болып шықты – оған қаражатты екі елдің ландшафт дизайнерлері жинады.
"Бақтар мен адамдар" фестивалі алтыншы рет өткізіліп отыр, оған ресейлік және шетелдік дизайнерлер қатысуда. Ол Солтүстік гүлбағындағы Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде 15-25 тамыз аралығында өтеді.