Қоғам

Қарындағы май несімен қауіпті – дәрігерлер бірнеше себепті атады

Дәрігерлер салмақты үнемі бақылап отыруға кеңес береді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Медицина мамандары қампиған қарынның денсаулыққа қаншалықты зиянды екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мамандардың айтуынша, қарындағы май ішкі органдардың жұмысына да кері әсерін тигізеді. Себебі ол майдан "4 ақуыз-ретинол" деп аталатын маркер бөлінеді. Соның салдарынан диабет туындайды. Бұдан бөлек, қарындағы май жүрек ауруына және сан алуан ісікке себеп болады. Осыған байланысты дәрігерлер, әсіресе ер адамдарға салмақты үнемі бақылап отыруға кеңес береді. Белдің көлемін өлшеп тұрған жөн. Орташа бойлы адамдарда белдің көлемі 94 сантиметрден аспауы қажет.

Тағы оқыңыз: Денедегі артық май қайдан пайда болады - ғалымдар басты себепті атады

Ал қарындағы майдан құтылу үшін күнделікті рационды қадағалап, калориясы көп тамақты жиі жемеген дұрыс. Қарынның шығып кетуіне ұйқы режимін сақтамау мен күйзеліс те әсер етуі мүмкін.