Экономика

ТМД елдерінің инновациялық ынтымақтастық бағдарламасы таныстырылды

Бағдарлама ТМД елдері экономикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Түрікменстандағы бірінші Каспий экономикалық форумы аясында 2020 жылға дейінгі ТМД елдерінің мемлекетаралық инновациялық ынтымақтастығы бағдарламасы таныстырылды.

Ол Одақ елдері экономикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, деп хабарлады бағдарламаға тапсырыс беруші әрі үйлестіруші Россотрудничество".

Сарапшылар Ресей мен Түрікменстан арасындағы инновациялық ынтымақтастық тақырыбы бойынша кездесуде пікірлерімен бөлісті.

"Түрікменстан басшылығының экономика саласындағы мақсаттарын ескеретін болсақ, мемлекетаралық инновациялық ынтымақтастық бағдарламасы жоспарды орындауға үлкен септігін тигізуі мүмкін", - деді Россотрудничествоның ТМД істері, халықаралық даму және интеграцияға жәрдемдесу басқармасының басшысы Сергей Маленко.

Сколково өңірлік даму қорының (мемлекетарлық бағдарламаның операторы) департаменті басшысы Александр Окунев жиналысқа қатысушыларды Ресейге шақырды. Оның айтуынша, Сколково қоры университеттер мен өнеркәсіптік кластерлерді дамытуға бағытталған инновациялық экожүйе құру бойынша тәжірибесімен бөлісе алады.

Тағы оқыңыз: Түрікменстан президенті Каспийдің инновациялық қаласын салуды ұсынды

Халықаралық бағдарламаның сарапшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Сергей Исаев Каспий өңірі мен Арал теңізі аумағындағы қолға алынуы мүмкін трансшекаралық жобалар туралы толығырақ мәлімет берді.

Түрікменстандағы форум

Бірінші Каспий экономикалық форумы Түрікменстанның Аваза демалыс орнында өтті.

Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран және Түрікменстан мемлекет басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойғаннан кейін бір жыл өткен соң бес елдің делегациясы қайта бас қосты.

Форум жұмысы аясында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин кездесті.

*Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен шетелдегі отандастар істері және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық бойынша федералды агенттік (Россотрудничество) 2008 жылы қыркүйекте Ресей Федерациясы президентінің жарлығымен құрылған.