НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Қазақстан азаматтары мінген автобус Ыстықкөл ауданында трассадан жыраға ұшып түсті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан аудандық ішкі істер бөліміне сілтеме жасап.
Оқиға 12 тамызға қараған түні Тамшы ауылының маңында болған.
"Қазақстандық туристер мінген автобус Бостеріден (Ыстықкөлдің жағалауындағы курорттық ауыл – Sputnik) келе жатып, Lexu көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді", - деп хабарлады аудандық ішкі істер бөлімі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елдің барлық азаматы межелі жерге басқа автобуспен жеткізілгенін айтты. Олардың бәрі демалысын жалғастыруда, деп сендірді дипломатиялық ведомство.
Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді
Шілде айында Ыстықкөлде қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетіп, құтқарушылар екі күн бойы іздеген еді. Оның жалға алған скутері суға батып кетіп, жағалауға дейін бірнеше шақырым жүзуге мәжбүр болғаны анықталды.