НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Астана полициясы Сергей Горбунов пен оның Дэни деген итін зорлықшыны ұстауға көмектескені үшін марапаттады.
Оқиға 11 тамызда болған. Нұр-Сұлтан тұрғыны үйінің маңында итімен бірге серуендеп жүреді.
"Итіммен серуендеп жүріп, Алтын Емел көшесідегі үйдің қасынан өтіп бара жатқанбыз. Кенет бұта арасынан жартылай жалаңаш әйел: "Құтқарыңдар, зорлап жатыр", - деп айғайлап, атып шықты. Оны тыныштандыруға тырысып, полицияға хабарластым. Оператормен сөйлесіп жатқанымда, біреуі бұта арасынан қаша жөнелді. Мен итіммен артынан қудым", - дейді астаналық сол күнгі оқиғаны баяндап.
Сергей Горбуновтың айтуынша, қылмыскер таксиге отырып, кетіп қалмақ болыпты, бірақ ер адам зорлықшыны қуып жетіп, бір шетке алып шыққан екен. Біраздан соң полицейлер де келіп, күдіктіні ұстаған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полициясының Сарыарқа ауданы басқармасының бастығы міндетін орындаушы Дулат Жұмағұлов. Сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тағы оқыңыз: Пойызда зорланған әйел басынан өткен сұмдықты жылап тұрып айтып берді - видео
"Арыз бір адамның атына ғана жазылды. Бір күдіктінің шынымен оқиғаға қатысы бар. Екіншісіне қатысты іс қозғалған жоқ. Олар көшеде танысып, бірге ішімдік ішкен сәтте қылмыс болған", - деп мәлімет берді ол.
Дулат Жұмағұловтың айтуынша, қазір адамдар қылмыс туралы хабарлауда белсенділік тантып жүр. Жыл басынан бері елорданың бір ауданының өзінде тұрғындардың көмегімен 50 шақты қылмыстың беті ашылған.