Әлем

Мешітте Құрбан айт қарсаңында атыс болды

Атыс салдарынан бір адам көз жұмып, тағы біреуі жараланған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Норвегия астанасы Осло маңындағы Берум коммунасында жас жігіт мешітке кіріп, адамдарға оқ атты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Аль-Нур" ислам орталығында атыс 10 тамыз күндіз, Құрбан айт мейрамы қарсаңында болды. Салдарынан бір адам көз жұмып, тағы біреуі жараланған.

Euronews хабарлағандай, шабуыл жасаған жігіттің басында шлем, үстінде бронежилет болыпты. Мешіттегі адамдар қаскөйді полиция келгенге дейін қолға түсірді.

Бұдан бөлек, күдіктінің үйінен әйелдің денесі табылды. Ол жас жігіттің туысқаны екен. Тәртіп сақшылары әйел күдіктінің қолынан қаза тапты деп санайды.

Қазір қылмыскер қамауға алынды. Мешіттен бірнеше дана қару табылды. Полицияның пайымынша, жігіт жалғыз өзі әрекет еткен.

Тағы оқыңыз: Елу адамның өмірін қиған қанды қырғынға қатысты тың мәлімет шықты

Еске сала кетсек, осыған ұқсас жағдай 2019 жылдың 15 наурызында Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында болған еді. Ол кезде террористер мешітке келген 50 адамды өлтірді. Терактіні 27 жастағы Брентон Таррант ұйымдастырған.