Оқиға

Оқ атып, көлігімен басып өткен: Алматыда жүргізуші іздестіріліп жатыр

"Газель" мен Toyota Chaser жүргізушілері жолды бөлісе алмаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Алматы полициясы жолда оқ атып, төбелес шығарған "Газель" жүргізушісін іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Жетісу ауданындағы Первомай мұнай базасы көшесінде болған.

Toyota Chaser мен "Газель" жүргізушілері жолды бөлісе алмағанға ұқсайды.

"Екеуі де батыс бағытта келе жатты. "Газель" жүргізушісі екіншісінің жолын кесті. Осыдан кейін екі көлік те тоқтап, жүргізушілер арасында жанжал шықты", - деп хабарлады куәгерлер Sputnik Қазақстанға.

Оқ атып, көлігімен басып өткен: Алматыда жүргізуші іздестіріліп жатыр

Жолаушылардың бірінің сөзіне сенсек, "Газель" жүргізушісі Toyota автокөлігін тізгіндеген адамды тапаншамен қорқытқан. Кейіннен оқ атып, көлігімен оның үстінен басып өткен. Артынша ізін жасырған.

Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері, анықтаушылар мен криминалистер келді.

Тағы оқыңыз: Автобусқа баса-көктеп кіріп, жүргізушіні соққыға жықты: Алматыдағы оқиғаның мән-жайы

Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің кім екені анықталды, іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Иномарка жүргізушісі ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.