Әлем

Ағайынды екі жігіттің бірін құтқарған ер адам ар азабына душар болды

Суға кеткен ағайынды екі жігіттің біреуін ғана құтқаруға мүмкіндік болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны көлде демалып жүріп, суға кеткен екі ағайындының бірін құтқарып қалады. Бұл оның өміріндегі ең қиын сәт болған екен.

Independent жазғандай, 65 жастағы Янек Коваль бұрын құтқарушы болып істеген. Отбасымен бірге көлде демалып жүргенде, ағалы-інілі 18 жастағы Айкзел мен 21 жастағы Брайкзел Галеондар суға батып бара жатады.

Тағы оқыңыз: "Сіңір тартылып қалса...": суға батпау үшін не істеу керек?

Янек суға қойып кетіп, әуелі екеуінің қайсысын бірінші құтқарам деп дал болады. Сол сәтте ағасы Брайкзел інісі Айкзелді оған қарай итеріп жіберіп, өзі су түбіне кеткен екен.

Өз өмірін қатерге тікке Янек Коваль жас жігітті құтқарып қалады. Ал оның ағасының денесі алты сағаттан соң табылған.