Әлем

Ресейлік партия өкілдері аяғы ауыр қазақстандық әйелге қолұшын созды

Әйел Ресейде 90 күннің орнына 91 күн болған. Енді елден кетуге мәжбүр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты, "Единая Россия" партиясының өкілі аяғы ауыр қазақстандық әйелге елде тұруға рұқсат беруді сұрады, деп хабарлайды РИА Новости.

Анна Костенюк күйеуі және екі кәмелеттік жасқа толмаған баласымен Калининград облысының Багратионовск қаласына барған. Жолдасы мен балалары уақытша тұруға рұқсат алды, ал Аннаға мұндай рұқсат берілген жоқ. Ол Ресейде 90 күннің орнына 91 күн болған. Енді Ресейден кетуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Ресейдің кітап сататын интернет-дүкені бұғатталды

Мемлекеттік дума депутаты Михаил Старшинов ішкі істер министрлігінің көші-қон мәселесі жөніндегі басқармасының басшысына өтініш жолдады.

Дәрігерлер Аннаға ұшаққа отыруға тыйым салып отыр.