Мәдениет

ARTиШОК театры жас актерлер мен режиссерлерді тегін оқытады

Курста театр майталмандарының жаңа буыны дайындалады
Sputnik

АЛМАТЫ, 7 тамыз — Sputnik. Алматылық ARTиШОК театры екі жыл бойы жас актерлер мен режиссерлерді тегін оқытатын болады.

1 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында актерлік-режиссерлік курсқа қабылдау басталады. Грантты 18-28 жас аралығындағы студенттер ұтып ала алады. Ол үшін әңгімелесу кезеңі мен үш шығармашылық емтиханнан сүрінбей өту керек. Емтиханды сәтті тапсырғанмен, жасы талапқа сай болмаса, ақылы оқу мүмкіндігі бар.

ARTиШОК театры жас актерлер мен режиссерлерді тегін оқытады

"Біз театр, спектакль, перформансты кез келген жерде жасай алатын әртіс дайындауды көздеп отырмыз. Костюм, кеңістік пен реквизитті өздері оп-оңай ойлап таба алатын мамандар болса дейміз. Сондай-ақ, көрермен, қоғам және журналистермен байланыс орната алуы маңызды", - дейді ARTиШОК директоры.

Мектептегі режиссерлік бағытты ARTиШОК-тың  шығармашылық жетекшісі Галина Пьянова, ал актерлік бағытқа Шыңғыс Қапин жетекшілік етеді. Қазақстан, Ресей, Еуропа мен АҚШ-тың театр саласының мамандары педагог ретінде шақырылады.