НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. The Guardian хабарлауынша, Клаувино да Сильва бетіне силикон маска тағып, жасанды шашпен түрмеден қашпақ болған. Жоспарын жүзеге асыру үшін ол өзінің қызының киімін киіп алыпты.
Алайда қылмыскер өте қатты қобалжыған. Мұны полицейлер бірден байқап қалыпты.
Қазір тәртіп сақшылары бұл жоспарға қылмыскердің қызының қандай қатысы болғанын анықтап жатыр. Әкесі қашып кеткен кезде қыз түрмеде қалады деген жоспар болуы мүмкін.
Клаувино да Сильва Бразилиядағы "Қызыл команда" деп аталатын аса ірі қылмыстық топты басқарған. Бұл топ 2005 жылы Рио-де-Жанейроның аса қауіпті аудандарының 53 процентін бақылауына алды.