Оқиға

Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады

Оқыс оқиға елорданың сол жағалауында "Астана-Опера" театрының жанындағы нысанда болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанында кран құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше таңғы сағат 09.24-те "Сенсата Парк" тұрғын үй кешенінде болған. Құрылыс нысанын "Sensata Construction" кәсіпорны салып жатыр.

Кран жүк көтеріп жатқан кезде құлаған.

Тағы оқыңыз: Қырсық әйел бұзылған эскалаторға мінемін деп аяғынан айырылды – видео

Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Кранда отырған адам ішінен шығып үлгерген.

Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені Тұран даңғылында "Астана Опера" театры мен "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының арасында орналасқан.