НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Ресейлік әнші Наташа Королева мен белгілі қазақ әншісі Бүркіттің "Қылықты қыз" әніне түсірген бейнебаяны YouTube желісінде жарияланды.
Видеоның басында Королева Алматыға жаңа келіп жеткен, сол кезде көшеде ұлттық мейрам болып жатады. Әнші де қарап тұрмай, халықпен бірге тойлай жөнеледі.
Тағы оқыңыз: Димаш Құдайберген жаңа әні туралы айтты - видео
"Бұл мен үшін қызықты жұмыс болды, қазақ тілінде Бүркіт сынды жігітпен ән айту – ұмытылмас оқиға! Қазақ достарым, осы бір қайталанбас тәжірибе үшін рахмет! Жұмысымыздың нәтижесін менің YouTube арнамнан көре аласыздар", - деп жазды Наташа Королева әлеуметтік желіде.
Наташа мен Бүркіттің тыңдармандары дуэтты жылы қабылдап, ресейлік әншінің қазақ тілін мақтады.