Әлем

25 жыл жатқан: мейрамхананың астынан адамның мәйіті табылды

Тексеріс жұмыстары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз — Sputnik. Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде жөндеу жұмыстары кезінде еден астынан 25 жыл бұрын өлген адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

"Люблино ауданындағы мейрамханада жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде еденнің астынан мәйіт табылды", - деп хабарлайды басылым.

Болжам бойынша ол 25 жыл бұрын өлген адамның мәйіті. Бұл факті бойынша қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.

2018 жылы Мәскеудің солтүстігінде қазу жұмыстары кезінде үш адамның мәйіті табылған еді. Бұл тоқсаныншы жылдары өлтірілген үш адамның сүйектері болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, өткен жылдың желтоқсан айында Ресей астанасындағы сатира театрынан тағы бір адамның денесі табылды. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Тағы оқыңыз: Он жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің денесі жұмыс орнынан табылды