НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Канаданың Ванкувер қаласында тұратын 27 жастағы студент қыз Ди Галлант Metallica рок тобының Don’t Tread On Me әнінің арқасында пуманың шабуылынан аман қалды. Бұл оқиға туралы vicnews.com порталы хабарлайды.
Студент қыз иттерімен серуенде жүріп, жыртқышқа кез болады. Пуманы көрген иттер қатты қорқып, үні шықпай қалған соң, Ди жыртқыш аңға бір өзі қарсы тұруға мәжбүр болған.
Ди дауысын шығарып айғайлап, тіпті жыласа да, пума кетпей қояды: жыртқыш бұта арасынан қызды аңдып, шабуылдауға дайын отырғандай көрінген.
Тағы оқыңыз: Лақ бір топ жыртқышқа тойтарыс берді - қызықты видео
"Пума кетпеген соң, қатты дыбысты бірдеңемен қорқытпақ болдым. Телефонымды ақтарып, Metallica тобының Don’t Tread On Me әнін тауып алдым. Рок музыка ойнай бастап еді, жыртқыш бұта арасына сүңгіп, жоқ болды", - дейді студент қыз.
Зоологтардың айтуынша, хеви-металл жанрындағы ән шынымен жыртқышты қорқытып жіберуі мүмкін. Бұрын естімеген қатты дыбыстар аңның үрейін туғызуы ықтимал. Сол себепті күтпеген жерден түз тағысына кез болсаңыз, бірдеңені тарсылдатып, табиғатта кездеспейтін дыбыс шығаруға тырысу қажет.
Тағы оқыңыз: Арыстан әйнектің ар жағында отырған балаға тап берді - қорқынышты видео