Елорда тынысы

Депутат Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік тұрғын үйлердің қорқынышты екенін айтты

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйдің шаршы метрінің құны – 180 мың теңге
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде — Sputnik. Елорда мәслихатының депутаттары мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған тұрғын үйлердің сапасын сынға алды.

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында депутат Сәрсенбек Жүнісов мемлекеттік тұрғын үй құрылысының сапасы проблемасын көтерді.

Жаңа құрылыс салушы ​​сапаны бақыламайды

Оның айтуынша, жаңа Сейфуллин көшесі аумағында салынған үйлердің сапасы сын көтермейді.

"Неліктен мемлекеттік тұрғын үй соншалықты қорқынышты? Мемлекеттік тұрғын үй шағын болуы керек екенін түсінемін, бірақ сыртын әдемі жасауға болады ғой. Балкон, терезе, кіреберіс жолдар – бәрі қалай болса солай жасалған. Қонаққа баруға ұяласың", - деген депутат тұрғын үй сапасына наразылық білдірді.

Сәрсенбек Жүнісов әкімдік жанынан жұмыс істейтін "Елорда құрылыс компаниясы" жаңа ғимараттардың сапасы мен сыртқы келбетін қадағаламайтынын атап өтті.

Еуропада құрылысты бұлай салмайды

Депутаттар элиталық көпқабатты үйлерді де сынға алды. Атап айтқанда, халық қалаулылары Highvill тұрғын үй кешенінің құрылыс салушылары неге мұндай биік үйлер салып жатқанын түсінбей дал.    

"Бұл үйлердің тұрғындары күн сәулесін көрмейді. Бізде жер жетеді емес пе, неліктен сонша биік салады. Біз еуропалық стандарттарға сай болуға тырысып жүрміз, бірақ ол жақта мұндай биік ғимараттар салмайды", - деп пікір білдірді мәслихат депутаты Серікбай Төлебаев.

Депутаттың сынына құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алексей Миткин жауап берді.

Оның мәліметінше, мемлекеттік тұрғын үй құрылысы талаптарға және бекітілген сметаға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Егер құрылыстың құны нормалар шегінен шығып кетсе, онда ол одан әрі жіберілмейді, салдарынан мемлекеттік тұрғын үй салу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі кешігеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда мемлекеттен қалай баспана алуға болады - толық ақпарат 

Айта кету керек, қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған жаңа үйлердің сапасына бірнеше рет шағымданды.    

Осы жылы мегаполистегі мемлекеттік тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 180 мың теңгені құрап отыр, ал нарықтағы эконом-класс тұрғын үйлердің шаршы метрі 270 мың теңгеден басталады.

"Нұрлы жер" бағдарламасына аясында биыл республика бойынша 20 мыңға жуық пәтер пайдалануға беру жоспарлап отыр. Оның ішінде елордада – 1873 пәтер.