Видео

Қатардағы адам жерленбейді: ұлттық пантеонда қазір кімдер жатыр - видео

Ұлттық пантеон елордадан 17 шақырым жерде Қабанбай батыр кесенесінің жанында орналасқан
Sputnik

Қазіргі таңда қорымда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кешеннің құрылысына бюджеттен 958 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның аумағы шамамен 1000 гектар жерді құрайды.

2017 жылы ұлттық пантеонда кімдер жерленетінін нақтыланып, үкіметтің қаулысымен арнайы ереже бекітілді. Оған сәйкес, зиратта Қазақстан президенттері және олардың отбасы мүшелері; премьер-министрлер, парламент палаталарының төрағалары, мемлекеттік хатшылар, президент әкімшілігінің басшылары, конституциялық кеңес, жоғарғы сот және ұлттық банк төрағалары; министрлер, мемлекеттік орган басшылары, әкімдер жерленеді.

Тағы оқыңыз: ұлттық пантеонда әртүрлі діннің өкілдері бөлек жерленеді

Бұдан бөлек, тізімде "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандар, "Алтын қыран", "Отан", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", Еңбек Даңқы" ордендерімен марапатталғандар, "Кеңес Одағының Батыры", "Социалистік Еңбек Ері", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы"  атағын алған азаматтар да бар.

Пантеонда жерлеуге жататын азаматтармен олардың кейін қайтыс болған жұбайлары жерленуі мүмкін.

Пантеонда кімдер жерленген?

Қазіргі таңда мұнда 8 адам жерленген. Олар:

  • Мәжілістің бұрынғы төрағасы Орал Мұхамеджанов;
  • Бұрынғы қорғаныс министрі, сенат депутаты Мұхтар Алтынбаевтың әйелі Гүлбану Алтынбаева;
  • ҚР жоғарғы сот кеңесінің экс-төрағасы, бұрынғы бас прокурор Мақсұт Нәрікбаев;
  • Бұрынғы мемлекеттік хатшы, жазушы Әбіш Кекілбайұлы;
  • Экс-депутат, ақын, журналист Фариза Оңғарсынова;
  • Сара Назарбаеваның інісі, "Тау-Кен Самұрық" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Саяхат Қонақай;
  • Бұрынғы депутат Сергей Дьяченко;
  • Есеп комитетінің экс-төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.

Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы Камал Әбдірахман демалыс күндері мұнда адамның қарасы көп болатынын айтады.

"Демалыс және мейрам күндері қорымға адам көп келеді. Олар Әбіш Кекілбаевтың, Фариза Оңғарсынованың басына дұға оқымай кетпейді", - дейді ол.

 

Кешенде кімдер жерленгенін, сондай-ақ жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыз.