НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, деп хабарлайды тұңғыш президенттің ресми сайты.
Кездесу барысында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ алдағы кезеңнің жұмыс жоспары талқыланды.
Елдегі қоғамдық-саяси ахуалға және азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.