НҰР-СҰЛТАН
11.00 – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев қатысады (Аккредитация: +7 (7172) 74 58 64, press.kpm@mail.ru).
11.00 – Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен заң жобасын жасау мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді. Комиссия қарыз еңбегі, визуалды ақпарат, әскери қызметшілердің мәртебесі, мүгедек жандардың өмір сапасын арттыруға қатысты бірқатар заң жобасын талқыламақ (Министрліктер үйі, 13 подъезд, 10-қабат, №1056 кабинет, әділет министрлігінің баспасөз орталығы. Аккредитация: pressgov@mail.ru).
12.20 – "Тау-кен өнеркәсібін цифрландыру" тақырыбындағы баспасөз мәслихаты. Спикерлер: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Қанат Баитов, "Қазмырыш" ЖШС бас директорының бизнесті цифрлық трансформациялау бойынша кеңесшісі Максим Гайфулин, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ техникалық директоры Серік Әбішев, "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС бас директорының орынбасары Анжелика Шипилова (Орталық коммуникациялар қызметі, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4. Аккредитация: +7 (7172) 55 93 38 немесе sck.astana@gmail.com).
АЛМАТЫ
10.00 – репродуктивті денсаулық, жыныстық білім беру және жас отбасыларды үлкен өмірге дайындау мәселелеріне арналған тренинг өтеді (Әл-Фараби даңғылы, 15, "Нұрлы Тау" бизнес орталығы, +7 (727) 311 56 63).
10.30 – "Газет-журналдарды дрон арқылы жеткізу" тақырыбында баспасөз туры өтеді. 2018 жылы Қазпошта Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдарға 16 тоннадан астам газет-журналды дрон арқылы жеткізді. Жоба аясында 150 елді мекен мен алты облыс қамтылған. Биыл жобаның аумағын кеңейту жоспарланып отыр. 2019 жылдың тамызынан бастап Маңғыстау облысына да газет-журналдарды дронмен жеткізе бастайды.
Шара барысында "Қазпошта" АҚ мен Adrome Automation компаниясының өкілдері дронды ұшырып көрсетіп, жоба туралы толығырақ мәлімет береді (Түпқараған ауданы, Ақшүкір ауылы. Баспасөз турына қатысушыларды тасымалдау ұйымдастырылады. 09.40-та Ақтау қаласындағы "Қазпошта" АҚ-ның орталық бөлімінің алдына жиналу керек, 14-ші шағын аудан, 61-ші үй. Акредитация: + 7 702 814 39 66 нөмірі немесе t.amandyq@kazpost.kz электронды поштасы арқылы).
Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.