Өңірлер

Дауыл тұрып, бұршақ жауады: бүгін ауа райы қандай болады?

28 шілдеге ауа райы болжамы
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.  

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Торнадоның белгісіз жағы: АҚШ-тағы дауыл алдындағы қорқынышты видео
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі, күндіз найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында найзағай, бұршақ түседі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Ақмола облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл соғуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болады, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болуы ықтимал, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі. Түркістан, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейке дейін күшейді. 

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Костанай, Қарағанда облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.