Мәдениет

Димаш пен Тасмағамбетов Түркияда туған күнде жүр – видео

Димаш пен Тасмағамбетов Игорь Крутойды туған күнімен құттықтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Ресейлік композитор Игорь Крутой Түркияда 65 жасқа толуын тойлап жатыр. Қонақтардың арасында қазақ әншісі Димаш Құдайберген мен Ресейдегі Қазақстанның елшісі Иманғали Тасмағамбетов бар.

"Түркияда керемет композитор және тамаша адам Игорь Крутойдың туған күнін тойлап жатырмыз. Ең сүйікті әндердің авторы 65 жасқа толып отыр. Туған күніңіз құтты болсын, маэстро", - деп жазды Димаш инстаграмдағы өз парақшасында.

Маэстро туған күнін тойлауға Димаштың ата-анасы – Света мен Қанат Айтбаевтарды шақырған. Түркияға досын туған күнімен құттықтауға Ресейдегі Қазақстанның елшісі Иманғали Тасмағамбетов те келген.

Игорь Яковлевич Крутой 1954 жылы 29 шілдеде Украинаның Гайвороне қаласында туған. 1987 жылы Александр Серов орындаған "Мадонна" әнінен кейін ол үлкен танымалдылыққа ие болды.

Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой - "Новая волна" және "Детская Новая волна" байқауларының негізін қалаушы және қазылар алқасының тең төрағасы. Крутойдың әндерін Лара Фабиан, Алла Пугачева, София Ротару, Леонид Агутин, Николай Басков және тағы да басқа белгілі әншілер орындап жүр.

Қазіргі уақытта Крутой Димаш Құдайбергенге ән жазады. Қазан айында композитордың 65 жылдығына орай Нью-Йоркте өтетін кеште Димаш өнер көрсетеді.