НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. АҚШ-та жекпе-жек кезінде алған жарақатынан қаза болған 28 жастағы ресейлік боксшы Максим Дадашевтің әйелі әлеуметтік желіде жүрек елжірететін жазба жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Менің махаббатым! Сен әрдайым менің жүрегімдесің, қайғыдан қан жұтып отырмын! Отбасымыз үшін өте ауыр уақыт туды", - деп жазды боксшының жары. Боксшының артында бір баласы қалған.
Ресейлік боксшы Максим Дадашев 19 шілде күні АҚШ-та пуэрторикалық Субриэль Матиаспен кездесу өткізді. Бірінші жартылай орта салмақта бокстасатын спортшы жекпе-жекті 11-раундта тоқтатуға мәжбүр болған. Кездесуден кейін Дадашевтің жағдайы нашарлай түскен. Есінен танған спортшы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Оған екі сағат бойы ота жасалған.
Тағы оқыңыз: Қазақстандық боксшының анасы ұлының ауыр қылмысқа қалай барғанын айтты
Бұл – Дадашевтің карьерасындағы алғашқы жеңілісі болатын.