НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Желіде 22 шілдеде қырғыз-тәжік шекарасында болған қақтығыстың видео жарияланды.
Видеодан бір топ адам ерегісіп қалып, соңы қақтығысқа ұласқанын көруге болады. Адамдар бір-біріне тас лақтыра бастайды.
Сондай-ақ куәгерлердің смартфонына жағдайды реттеуге тырысқан полиция қызметкерлері де түсіп қалған.
Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің ресми мәліметіне сәйкес, атыс салдарынан 14 адам жарақат алған, оның ішінде күш құрылымдарының, құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғамның өкілдері бар.
Бұған дейін тәжік тарапы шекарадағы қақтығыс салдарынан бір адам қайтыс болып, 16 адам жарақат алғанын, олардың арасында ауыр жарақат алған милиция қызметкері бар екенін хабарлаған еді.
Тәжікстанның шекара ведомствосы оқиғаны екі ел президентінің Исфара қаласындағы кездесуі қарсаңында болған арандатушылық деп атады.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс
23 шілде күні қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, Ворух (Тәжікстан) ауылының тұрғындары елді мекенге кіреберісте тутұғыр орнатқысы келген, ал Ак-Сай (Қырғызстан) халқы бұған қарсы болған. Кикілжің барысында тараптардың бірі қару қолданыпты. Мемлекеттік шекара қызметі хабарлағандай, оқ атқандар қарапайым тұрғындар болуы мүмкін, себебі аңшы мылтығы қолданылған.