Мәдениет

Путиннің арнайы өкілі Абайдың өлеңін оқыды – видео

Михаил Швыдкой эстафетаны Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтен қабылдады
Sputnik

АЛМАТЫ, 23 шілде — Sputnik. Ресейдің индустриялық телевизиялық премиялар комитетінің басшысы, Ресей президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой Абайдың өлеңін оқыды.

Ресейдің бұрынғы мәдениет министріне эстафетаны сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед жолдаған болатын.

Швыдкой Абайдың  "Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек" атты өлеңін таңдаған. Видео Ресейдегі Қазақстан елшілігінің Facebook парақшасында жарияланды.

Ресей президентінің арнайы өкілі эстафетаны Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинге берді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед эстафетаны Ресейдегі Әзербайжан елшісі Поладу Бюль-Бюль Оглы, Жапонияның экс-министрі Такео Кавамура мен Иорданияның бұрынғы мәдениет министрі Нэнси Бакирге де жолдады.

Тағы оқыңыз: Тоқаевқа өлең оқытқан 9 жасар қыз өмірі қалай өзгергенін айтты

Естеріңізге сала кетейік, Абайдың өлеңін оқу эстафетасын Нұр-Сұлтанда тұратын 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім Рысқали бастаған. Ол эстафетаны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынды. Мемлекет басшысы қабыл алып, Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқыды.

Кейін бұл эстафетаға көптеген танымал тұлғалар, оның ішінде әнші Димаш Құдайберген, композитор Игорь Крутой, Қазақстанның Ресейдегі төтенше әрі өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және т.б. қатысты.

2020 жылы елімізде президенттің жарлығымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде атылып өтеді.