Саясат

Президент жаңа көмекшісін тағайындады

Бұл қызметке президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған Аида Балаева кірісті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Аида Балаева Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.

Бұған дейін бұл қызметті Тимур Сүлейменов атқарған. Ол Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Аида Балаева туралы не білеміз

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.

Президент жаңа көмекшісін тағайындады

Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев демалысқа шықты

2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.