Өңірлер

Нөсер жаңбыр мен аптап ыстық: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Болжам бойынша, оңтүстікте аптап ыстық болса, солтүстікте жаңбыр жауады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" метеоқызметі 23-25 шілде аралығына болжам жасады.

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңіріне Орал тауларынан келген салқын әрі ылғалды ауа массасы ықпал етуін жалғастырады. Оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын атмосфералық фронттардың әсерінен осы өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерде қатты жаңбыр жауып, дауыл соғып, бұршақ түседі.

Тағы оқыңыз: Шілде айына астролог болжамы -  қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгеріс болады?

"Алайда елдің оңтүстік облыстарында Иран  аумағынан келетін ыстық ауа массасы салдарынан  38-45 градус аптап ыстық болады", - делінген хабарламада.

Ірі қалалардағы ауа райы

23 шілдеде Қазақстан астанасында ауа температурасы түнде 20 градус жылы болса, күндіз 26 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде 28 градус, күндіз 34 градус аптап ыстық болады. Шымкентте де аптап ыстық: түнде – 28 градус, күндіз – 38 градус.

24 шілдеде Нұр-Сұлтанда түнде +17 градус болса, күндіз 26 градус нөлден жоғарылайды. Оңтүстік астанада түнде 24 градус жылы болса, күндіз 33 градусқа дейін көтерілмек. Шымкентте түнде 27 градус, күндіз 37 градус аптап ыстық болады.

Тағы оқыңыз: Бүгін қандай мереке: 22 шілде - атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

25 шілдеде елордада түнде 18 градус жылы, күндіз 27 градус ыстық болады. Алматыда түнде 24 градус нөлден жоғарыласа, күндіз сынап бағанасы плюс 31 градусты көрсетеді. Шымкентте түнде +27 градус болса, күндіз 36 градус аптап ыстық болмақ.