НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Сүлейменовті жаңа қызметке тағайындады. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.
"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - делінген құжатта.
Тимур Сүлейменов туралы не білеміз?
Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.
Әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың наурызында ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалып, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.