Әлем

Полицейлер Атамбаевтың үйіне кіре алмады

Тергеушілер Атамбаевқа қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты іс бойынша жауап алуға келді  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары Мирлан Каниметов пен тергеу тобының бастығы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың Қой-Тас ауылындағы үйіне кіре алмай қайтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Заң шеңберінен шығып кетті": Атамбаев үшінші рет тергеуге шақырылды
Атамбаевтың кеңесшісі Құндыз Жолдыбаеваның айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы экс-президент мәртебесінен айыру туралы депутаттардың шешімімен келіспеген, оның арызы қараша айында қаралады.

Бұған дейін парламенттің арнайы комиссиясы Алмазбек Атамбаевтың бірнеше қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Бас прокурор қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін жариялады. Маусым айының соңында парламент экс-президентті ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айырды.