НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, жауын-шашын жауады. Тек оңтүстік және батыста ғана жауын-шашынсыз.
Кей өңірде жел күшейіп, солтүстік пен шығыста бұршақ жууы мүмкін. Солтүстік өңірлерде дауыл болады. Түнде және таңертең тұман күтіліп отыр.
Дабылды ескерту
Ақмола облысында жексенбі күні күн күркіреп, бұршақ жауады. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне ауысуы мүмкін. Жылдамдығы секундына 15-20 метр. Күндіз кей жерлерде +36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Алматы облысында 21 шілде күні аптап ыстық болады: + 33-38, кей жерлерде +42 градус.
Қарағанды облысында да күн +40 градусқа дейін ысиды.
Жексенбі күні Қызылорда облысында ауа температурасы 40-43, кей жерлерде +46 градусқа дейін көтеріледі.
Өңірлердегі ауа райы
Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, бұршақ болады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында дауыл, түнде және таңертең – тұман.
Ақтөбе, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қостанай облысында бұршақ күтіліп отыр.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды өңірлерінде де желдің екпіні – 15-20 м/с, Түркістан облысында шаңды дауыл, Қарағанды облысының кей жерінде күн күркірейді.
Павлодар облысында түнде тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы және тау маңындағы аудандарында күн күркірейді.
Күндіз Алматы, Қызылорда облыстарында аптап ыстық болады. Қарағанды облысында да ыстық күтілуде. Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Түркістан облысының кей жерінде ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Атырау өңірлерінде өрт қаупі жоғары.
Ірі қалалардағы ауа райы
Жексенбі күні Шымкентте жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашын жауады. 29-32 градус ыстық. Түнде ауа температурасы 24-26 градус болады.
Елордада ертең жауын-шашын болмайды. Күн ашық әрі ыстық. Температура күндіз +29-31, түнде +19-21 градус болады.