Өңірлер

Қостанай облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім жазаланды

Шенеуніктің әрекеті тәртіптік кеңес отырысында қаралды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Қостанай облысындағы Новошумное ауылының әкімі Болат Бақытжанов үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Өңірлік tobolinfo.kz басылымының ақпаратына сәйкес, мас күйінде көлік жүргізген әкімді полицейлер осы жылдың наурыз айында ұстаған. Аудандық ауруханадағылар бұл ақпаратты растады.

Аудандық соттан кейін Бақытжанов үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Болат Бақытжанов аудан орталығында досының туған күніне барып, екі бөтелке сыра ішкен. Түнде анасы қоңырау соғып, әкесінің денсаулығы нашарлағанын хабарлапты. Әкім рөлге отырып, Затобольск ауылына шыққан.

"Кінәмді толықтай мойындаймын, өкінемін. Бұл менің жеке көлігім болатын. Оқиға демалыс күні болды",- деді сотта ауыл әкімі. 

Бұған дейін Бақытжанов екі рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Тағы оқыңыз: Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Тәртіптік кеңес мүшелері бірауыздан аудан әкіміне Бақытжановқа қатаң сөгыс жариялауды ұсыну туралы шешім қабылдады.